$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.07.2021, 21:22
Жаңалықтар

COVID-ке қарсы вакциналар репродуктивті функцияға әсер етпейді – Есмағамбетова

Вакцинацияны жоспарланған жүктілікке дейін бір ай бұрын аяқтау ұсынылады

COVID-ке қарсы вакциналар репродуктивті функцияға әсер етпейді – Есмағамбетова

Әлеуметтік желіде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың бедеулікке және басқа да жұқпалы ауруларға әкеледі қорқытатын «сарапшылардың» пікірлері өте көп. Оның ішінде, «Баланың дені сау болып тууы үшін екі жылға дейін бала көтермеу керек екен, жалпы, ана-әке болу арманға айналады» деген қауіптер жиі айтылады.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы пайымдарға ғылыми дәлелденген жауап берді. 

«Жүкті әйелдер үшін КВИ ауруы аса қауіпті. Жүкті әйелдер босанғаннан кейінгі өлім қаупі коронавирус жұқтыруы мүмкін қарапайым адамға қарағанда 22 есе жоғары. Мен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін келтіріп отырмын. Сонымен қатар, коронавируспен ауырып жүрген анадан туған балалардың 10%-ы ауырады. Екі адам: ана мен бала үшін үшін жауапкершілік жүктеледі. Қолда бар вакциналар репродуктивті функцияға әсер етпейді, керісінше,  коронавирус инфекциясының әйел мен ер адамның репродуктивті функциясына әсер ететіні ғылыми дәлелденген. Осы ғылыми зерттеулер бойынша вакцинацияны жоспарланған жүктілікке дейін бір ай бұрын аяқтау ұсынылады. Вакцинацияға басқа қарсы көрсетілімдер жоқ», - дейді сарапшы. 

ДДСҰ әр вакцинаға бюллетень шығарады, онда оны кімге егілуге болатыны-болмайтыны, дозасы, жанама әсерлері нақты жазылады. 

«Бұл сараптамалық есептерде вакцинадан кейін екі жыл бойы бала көтеруге болмайтыны туралы ешқандай мәлімет жоқ»», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары