$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.07.2021, 15:26
Жаңалықтар

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының басым бөлігін тұрғын үй сатып алуға жұмсаған

Арнайы шоттарға шамамен 1,6 трлн теңге аударылды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының басым бөлігін тұрғын үй сатып алуға жұмсаған
Фото: ашық дереккөзден

Зейнетақы жинақтарын алу науқаны басталғалы 350 мыңнан астам қазақстандық БЖЗҚ жинақтары есебінен өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy krisha.kz-ке сілтеме жасап. 

Арнайы шоттарға шамамен 1,6 трлн теңге аударылды. Орташа төлем көлемі 4,5 млн теңгені құрады. 

Зейнетақы жинақтарының көп бөлігі жұмсалды: 

  • Тұрғын үй сатып алуға (толықтай сатып алу) – 1 трлн 97 млрд теңгеден астам;
  • Ипотекалық қарызды ішінара өтеуге – 122,5 млрд;
  • Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша несие алуға – 106,4 млрд; 
  • Ипотека бойынша бастапқы төлемді жүзеге асыруға – 50,4 млрд;
  • Ипотекалық қарызды толық өтеуге – шамамен 25 млрд;
  • Жеке үй құрылысы, оның ішінде жер учаскесін сатып алуға – 8,7 млрд;
  • Сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша қарызды ішінара өтеуге – 3,3 млрд. 

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштер қабылдайтын операторлар: 

– «Отбасы Банкі» – 95,3%;
– Halyk Bank – 3,8%; 
– ЦентрКредит – 0,9%; 
– Altyn Bank – 0,03%; 
– «Фридом Финанс Қазақстан банкі» АҚ – 0,003%.

185,6 млрд теңгеден астам қаражат салымшылардың зейнетақы шоттарына қайтарылды. "Емдеу" бағыты бойынша 20 млрд теңге аударылды. Инвестициялық компаниялардың басқаруына шамамен 4,5 млрд теңге жіберілді. 

Серіктес жаңалықтары