ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Жаңа қаулы: Елордада дәмханалар мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді?

Нұр-Сұлтанда ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады

Елордада карантиндік және шектеу шараларын қатаңдату туралы қаулыға қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қол қойды. Жаңа шектеулер 17 шілде күні күшіне енеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қаулы ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 14 шілдедегі хаттамасы негізінде қабылданды.
Қол қойылған құжатқа сәйкес мейрамханалардың, кафелердің және кофеханалардың жұмыс кестесі сағат 17.00-ге дейін қысқартылды.

«Орналасқан жеріне қарамастан, оның ішінде ашық ауада (жазғы орындар) мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану нысандары (үй-жайда) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс. Ал толымдылығы бойынша 50%-ға дейін, бірақ 30 отыратын орыннан аспайтын шарттарды сақтап, дүйсенбі-жұма күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленді, ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынған», — делінген қаулыда.

Бұл ретте «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану орындары дүйсенбі-жұма аралығында сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады, ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады. Тек «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда еске алу шарасын өткізуге рұқсат беріледі.