15.07.2021, 11:14
Жаңалықтар
Елімізде бір тәулікте КВИ мен пневмониядан 57 адам көз жұмды
Оның ішінде 10 науқас коронавирус пневмониясынан қайтыс болған
Фото: ашық дереккөзден
Елімізде бір тәулікте КВИ мен пневмониядан 57 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
13 шілдеде Қазақстанда 47 науқас коронавирустан, ал 10 пациент ковидтік пневмониядан қайтыс болды.
15 шілдедегі мәлімет бойынша 47 828 адам коронавирус инфекциясынан (46 306 КВИ+ және 1 522 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 280 пациент стационарда, 32 548 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 919 адамның жағдайы ауыр,
- 212 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 126 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Көп оқылған
23.06.2026, 10:47
Кавказды дүр сілкіндірген оқиға: 8 жастағы Хизир Дербичев жер қойнына тапсырылды (ВИДЕО)
23.06.2026, 13:39
Әкесінің інісі аяусыз ұрып-соққан: Ақмола облысында жапан далада жалғыз жүрген 5 жасар баланың ісі қаралып жатыр
23.06.2026, 09:54
Алаяқтар көлік ұрлаудың жаңа тәсілін ойлап тапты: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
23.06.2026, 13:49
Алматыда ішімдікке сылқия тойған ер адам көлік ұрлап кеткен (ВИДЕО)