$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.07.2021, 00:32
Жаңалықтар

Эпидахуал күрделенген жағдайда ДСМ 60 мыңға дейін төсек-орын ашуға дайын

Еліміздің 317 медициналық ұйымында 35 мыңға жуық инфекциялық төсек-орын дайындалды

Эпидахуал күрделенген жағдайда ДСМ 60 мыңға дейін төсек-орын ашуға дайын

Еліміздің 317 медициналық ұйымында 35 мыңға жуық инфекциялық төсек-орын дайындалды. Қамтылуы 43%-ды құрайды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек басқармасының бас сарапшысы Бауыржан Сатыбалды осындай мониторинг мәліметтерін келтірді.

Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек-орындар саны 3074-ті құрайды. Республика бойынша қамтылу деңгейі - 35%. Инфекциялық төсек-орындармен қамтылу деңгейі Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында, реанимациялық төсек-орындар Нұр-Сұлтан, Шымкент, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында көп екені байқалады.

«2021 жылдың маусым айымен салыстырғанда шілде айында іске қосылған медициналық ұйымдардың саны 296-дан 317-ге дейін артты. Эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда министрлік емдеу үшін 60 000-ға дейін инфекциялық төсек-орын және 60 000 реанимациялық төсек-орын орналастыруға дайын. Карантиндік стационарлардың төсек-орын сыйымдылығы - 3088, республика бойынша қамтылуы - 10%. 2021 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша ауыр және өте ауыр жағдайдағы реанимациядағы пациенттер саны - 922. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында ең жоғары көрсеткіштер тіркелген. Пациенттердің 90%-ында созылмалы аурулар бар, кейде 2-3. Көбінесе артериялық гипертензия - 47%, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы - 11%, жүректің ишемиялық ауруы - 10%, қант диабеті 9% кездеседі», - деді спикер.

Айта кетейік, ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастардың жартысынан көбі - 66 жастан асқан адамдар. 100 пациент ӨЖЖ қосылған.

Серіктес жаңалықтары