ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

UEFA EURO 2020 ойындарын 2,5 миллион қазақстандық тамашалаған

Чемпионат бір ай бойы отандық телеарналардан көрсетілді

RT

Футболдан UEFA EURO 2020 турнирін бір ай бойы отандық телеарналардан 2,5 миллион қазақстандық тамашалаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы TNS Central Asia зерттеу компаниясының деректеріне сүйене отырып, футбол матчтарын телеарналар арқылы тамашалаған көрермендер санын жариялады.

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарындағы 51 ойынның жалпы көрермендер саны 2 486 184 мың адамды құрады. Оның ішінде ең көп көрермен жинаған TOP-5 матчтың қатарында Англия – Германия, Португалия – Германия, Хорватия – Испания, Уэльс – Дания, Дания – Бельгия арасындағы кездесулер тұр. Бес ойынның жалпы жанкүйерлер саны 885 460 адамды құраған.

Финалдық матчты 281 339 көрермен онлайн тамашалаған.