14.07.2021, 14:53
Жаңалықтар
Біртановтың үйқамақта отыру мерзімі тағы екі айға ұзаруы мүмкін
Прокурордың айтуынша, бұл уақыт қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін қажет
Мемлекеттік айыптаушы Санат Талқанбаев экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімін тағы 2 айға, яғни 14 қыркүйекке дейін ұзартуды талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Прокурордың айтуынша, бұл уақыт қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін қажет. Сондай-ақ ол Біртановтың сот белгілеген шектеулерді бірнеше рет өрескел бұзғанын еске салды. Және ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен мемлекетке 1,5 млрд теңгеге залал келтірілгенін де айта кетті.
Еске салайық, 7 шілдеде Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық іс материалдары 133 томнан тұрады.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 20:29
23 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды