20.12.2019, 01:22
Жаңалықтар
Алматыда бас шыршаның шамы жағылды
Қала бойынша биіктігі 10 метрден 12 метрге дейінгі 9 шырша орнатылды
19 желтоқсан күні қаланың барлық ауданында жаңажылдық шыршаларды бір мезгілде салтанатты түрде жағу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Негізгі шара 20 метрлік шырша орнатылған «Астана» алаңында болды. Салтанатты рәсімге Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Бас шырша жарықдиодты гирляндалармен, жаңажылдық ойыншықтармен безендірілген.
Қала бойынша биіктігі 10 метрден 12 метрге дейінгі 9 шырша бар. Олардың барлығы жасанды шыршалар.
Шыршаларды жағу салтанаты қазақстандық әртістердің концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты