$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.12.2019, 00:50
Жаңалықтар

Елордада сәбилерге қандай есімдер жиі қойылады

Биыл дүниеге келгендер арасында Әлихан - 315, Медина 398 рет қойылған

Елордада сәбилерге қандай есімдер жиі қойылады

Елордада жыл басынан бері 29 мың 850 туу туралы акт жазба тіркелген. Оның ішінде ұлдардың саны - 15 мың 640, ал қыздар - 14 мың 210, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Биыл дүние есігін ашқан ұлдарға Әлихан есімі жиі қойылған. Сондай-ақ қыздарға Медина есімі көп таңдалыпты.

«Биыл дүниеге келгендер арасында Әлихан - 315, Медина 398 рет қойылған. Жиі қойылатын есімдердің қатарында Әмір, Әли, Айсұлтан, Рамазан, Омар, Ислам бар. Қыздардан Мединадан бөлек, Раяна, Әмина, София, Асылым, Мәриям деген аттар биыл жиі таңдалған. Үкілім, Сырғалым, Ағзам, Тәуекел, Ұлағат, Хазірет есімін алған сәбилер сирек болса да, елордалық отбасылардың шаңырағын шаттыққа бөлегендердің қатарында тұр. Халықтың сүйіспеншілігіне бөленген тұлғалардың есімдері де биыл жиі таңдалған. Олардың ішінде Қарақат (Қарақат Әбілдина), Мақпал (Мақпал Жүнісова), Фариза (Фариза Оңғарсынова) есімдері бар», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаменті АХАТ және апостілеуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Раушан Зарирова«Қазақ радиосына» берген сұхбатында . 

Әділет департаменті өкілінің айтуынша, елордада күн сайын 250-300 бала өмірге келеді екен.

Дереккөз: Baq.kz

Серіктес жаңалықтары