Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Кей өңірлерде қатты жаңбыр жауып, дауыл соғады

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының бұзылына байланысты синоптиктер еліміздің он бір облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 14-15 шілде аралығында жаңбыр жауатындықтан Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін.

14 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезіңде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.  

14 шілдеде күндіз, 15-16 шілдеде тәулік ішінде Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауыл соғады. 14-16 шілдеде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

14 шілдеде Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.  

14 шілде күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.  

14 шілдеде Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

14 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай, дауыл соғады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

14 шілдеде Қарағанды облысының кей желерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерінде өте жоғары өрт каупі сақталады.

14-15 шілдеде Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болады. Тәулік бойы 14, түнде 15 шілдеде кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, 14-15 шілдеде кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.

14 шілдеде Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

14 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік-батыста өте жоғары өрт қаупі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.