$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2021, 17:32
Жаңалықтар

Павлодарда әйел адам танысын алдап, 19 млн теңге алған

Күдікті ұсталып, кінәсі дәлелденді 

Павлодарда әйел адам танысын алдап, 19 млн теңге алған
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда әйел адам танысын алдап, 19 млн теңге алған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция басқармасы орталық бөлімінің бастығы Руслан Әуесханның атына жергілікті тұрғын Елена Ходячихтің атынан алғыс түсті. Ол өз хатында тергеуші Марина Пугачқа ризашылығын білдірген.

Хаттың авторы алаяқ әйел ағасына шұғыл операция жасау сылтауымен 19 млн 875 мың теңге алып, оны қайтаруға уәде бергенін жазған. Алайда кейінірек танысының ағасы жоқ екенін және ешқандай ем қажет болмағанын білген. 

Алдау арқылы алған ақшамен өз проблемаларын шешкен.

"Тергеуші қаскүнемнің кінәсін көрсететін барлық дәлелдерді жинап, куәгерлердің айғақтарымен және заттай дәлелдемелермен кінәсін бекітті. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде кінәлі өз жазасын тартады. Марина Николаевна қылмысты ашқаннан кейін тергеушінің қандай күрделі және жауапты жұмыс екенін түсіндім", - деді қала тұрғыны.

Серіктес жаңалықтары