$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2021, 16:40
Жаңалықтар

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Асхат Оралов басқа жұмысқа ауысып жатыр 

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Үкіметінің қаулысымен Асхат Раздықұлы Оралов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

А. Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған.  

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін, ҚР СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген.  

Еңбек жолын 2011 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастады.  

Әр жылдары Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, «Нұр Отан» партиясының филиалында, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасында, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, ҚР Қоғамдық даму министрлігінде жұмыс істеді. 

2019 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды. 

2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары