ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирусты 7 мыңға жуық адамның жұқтырғаны анықталды

Президент өңірлерде көкөніс сақтайтын қоймалар салуды тапсырды

Мемлекет басшысы аталмыш мәселені жүйелі түрде шешу керек екенін айтты

Фото: ашық дереккөзден

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерге көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жоспарын әзірлеуге қатысты тапсырма берді.

«Тек алты өңірде ғана көкөніс өнімдерін сақтау қуаты жеткілікті, олар – Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Ақтөбе облысында – 79%, БҚО – да-56%, ШҚО-да 50%-дан астам сақтау орындары ұзақмерзімді сақтаудың қазіргі заманғы инфрақұрылымымен қамтамасыз етілмеген», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы аталмыш мәселені жүйелі түрде шешу керек екенін айтты.

«Бұл мәселені жүйелі түрде шешу керек. Үкіметке әкімдермен бірлесіп, көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жоспарын әзірлеу тапсырылады. Біздің көптеген қолдау бағдарламаларымыздан қаражаттың бір бөлігін дәл осы мақсаттарға жұмсаңыздар», - деді Қ. Тоқаев.