Тамыз айында КВИ жұқтырғандар екі есеге көбеюі мүмкін

Вакцинациялау деңгейі артқанымен, дерт жұқтыру көрсеткіші шамамен екі есеге өсіп кеткен.

Тамыз айында КВИ жұқтырғандар екі есеге көбеюі мүмкін
фото ашық дереккөзден

Келесі айда еліміздегі коронавирус жұқтырғандардың қатары екі есеге артуы мүмкін. Бұл – Денсаулық сақтау министрлігінің пессимистік болжамы.

Үнді штамы жылдам жұғатындықтан еліміздегі эпиахуал күрделене түсті. Қазіргі таңда 4 миллиондай қазақстандық екпе алған, бұл вакцина қабылдай алатындардың 40 пайызына тең.

Вакцинациялау деңгейі артқанымен, өткен аптада дерт жұқтыру көрсеткіші шамамен екі есеге өсіп кетті.

Егер елдегі стационарлардағы орынның 70 пайызы толса , локдаун енгізіледі.

«Былтырдан бастап үлкен ұйымдастыру жұмысын атқардық. ИВЛ аппараттарын бүкіл Қазақстанға таратып, медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Ал дәрі-дәрмек бойынша әр облыста тұрақтандыру қорлары ашылған, екі айлық төмендемейтін дәрі қорын ұстап отырмыз», - ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов,

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.