Жаңа қаулы: Елордада кинотеатрлар мен бассейндер жабылады
Жабық жағажайлар мен аквапарктардың, бассейндердің жұмысына тыйым салынбақ

Елорданың бас санитар дәрігерінің Нұр-Сұлтан қаласында карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулысы шықты деп хабарлайды Azattyq-ruhy
Жаңа қаулыда мейрамханалар мен дәмханалардың жұмысына қатысты өзгерістер бар.
«Мейрамхана, дәмхана және кофеханалар орналасқан жеріне қарамастан, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы бойынша 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен және ашық ауада (жазғы залдарда) отыратын орындарының саны 30-дан аспайтын есеппен жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен, тамақты жеткізу және шығару қызметін штаттық режимде ұйымдастырсын», - деп жазылған құжатта.
Ал Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде банкет залдары үшін жұмыс күндері ғимарат ішінде жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып және ашық ауада (жазғы залдарда) жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимі белгіленді. Компьютер клубтарының, PlayStation клубтарының, боулингтердің, кинотеатрлардың, концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, көрмелердің, бильярд, караоке, хайуанат парктерінің, океанариумдардың, батуттардың, кинорумдардың, түнгі клубтардың, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының, оның ішінде лотереялардың, балалардың ойын-сауық орталықтарының, балалардың ойын бөлмелерінің, ойын алаңдарының және жабық үй-жайлардағы аттракциондардың, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұзды және роликті сырғанақтардың жұмысына да тыйым салынбақ. Бірақ бұл тыйым Ashyq жобасына қатыспайтын субъектілерге қатысты.
«Жабық жағажайлар мен аквапарктардың, оның ішінде бассейндердің жұмысына, Нұр-Сұлтан қаласының су айдындарында теплоход, катер, қайық, катамаран, су мотоциклі сияқты серуендеу кеме құралдарының жұмысына да тыйым салынсын», - делінген қаулыда.
Құжат қала аумағындағы жағажайлардың, соның ішінде рұқсат етілмеген жерлердегі жағажайлардың және ашық ауадағы аквапарктердің жұмысына да тыйым салып отыр.
Қаулы 2021 жылғы 11 шілде күні сағат 00.00-де күшіне енеді.