$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.07.2021, 03:33
Жаңалықтар

Маңғыстау облысында жаңа қаулы күшіне енді

Коронавирустың қайта өршуіне байланысты шектеулер күшейтілді.

 

Маңғыстау облысында жаңа қаулы күшіне енді

Маңғыстау облысында жаңа қаулы күшіне енді. Маңғыстау облысында бүгін жаңа қаулы күшіне еніп, қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды.

Ал Атыраудағы сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық тамақтану орындары демалыс күндері жабық болады. Коронавирусқа қарсы екпе алмағандардың жұмысқа кіруіне шектеу қойылған. Маңғыстау облысында соңғы тәулікте коронавирустан үш адам қайтыс болды. 104 адамнан вирус анықталды. Ал бүгін жаңа қаулы күшіне енді. Құжатқа сәйкес, спорт кешені, сауықтыру орындары мен фитнес орталықтардың сенбі-жексенбі күні жұмыс істеуіне тыйым салынған. Адам көп жиналатын шараларды бұрынғысынша өткізуге рұқсат жоқ. Мониторинг топ осы бағытта тексеру жұмысын күшейтті. Қоғамдық тамақтану орындары кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Онда да 30 адамнан артық жиналуға рұқсат жоқ.

Аймақтың бас санитар дәрігері аурудан арылудың жалғыз жолы – вакцина екенін тағы бір еске салды.
 

Серіктес жаңалықтары