$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.07.2021, 12:13
Жаңалықтар

Жамбыл облысында екі бірдей сүт өңдеу цехы ашылды

Өндіріс ошағы жылына 4 мың тонна сүт өнімдерін шығармақ

Жамбыл облысында екі бірдей сүт өңдеу цехы ашылды
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Жуалы ауданының Шақпақ ауылдық округі мен Шақпақата ауылында екі бірдей сүт өңдеу цехы іске қосылды.

Жалпы құны 100 млн теңгені құрайтын зауытты жеке кәсіпкер ашқан. Өндіріс ошағы жылына 4 мың тонна сүт өнімдерін шығармақ.

«Бүгінде Түркия мемлекетінен 25 млн теңгеге аппараттың қондырғылары сатып алынып, орнатылды. Қазіргі уақытта сынама өнімдері шығарылуда. Кәсіпкердің мақсаты - аудандағы негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру. Ауыл тұрғындары үшін табиғи сүт өнімдерін өндіру», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мереке қарсаңында облыстағы Көлтоған ауылында ауыз су жүйесі пайдалануға берілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында атқарылған жобаның жалпы құны 564,1 млн теңгені құрайды.

«Су жүйесінің жалпы ұзындығы 25,19 шақырымды құрайды. Сумен ауылдың 1271 тұрғыны (250 аула) қамтылады. Бұдан бөлек биыл тағы 5 елдімекенге қосымша ауыз су құрылысы жүргізілуде», - деп мәлімдеді облыстың баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары