$ 494.84  537.4  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.07.2021, 16:30
Жаңалықтар

Шымкент қаласында Елорда күніне орай индустриалды және ауыл шаруашылығы жобалары іске қосылды

Жүзеге асырылған жобалар Шымкент қаласының Елордаға жасаған мерекелік тартуы саналады. 

Шымкент қаласында Елорда күніне орай индустриалды және ауыл шаруашылығы жобалары іске қосылды

Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Елорда күніне орай  бірқатар индустриалды және ауыл шаруашылығы жобалары іске қосылды деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта жаңа өндіріс орындарының ашылу рәсіміне қатысты. Қала басшысы шаһардың экономикалық әлеуетін арттыруға қосқан үлестері үшін кәсіпкерлерге алғыс айтты.

«Жаңа өндіріс желілерін іске қосуға 6,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Кәсіпорындарда 344 жаңа жұмыс орыны ашылды. Іске қосылған кәсіпорындардың ішінде 6  жоба – индустриалды өндіріс орындары. Олардың ішінде металл және темір бұйымдары, корпустық жиһаз, автомобиль шынылары, халық тұтынатын тауарлар, жеңіл өнеркәсіп жобалары бар» делінген ақпаратта.

Қазір Шымкенттегі  өнеркәсіп саласында 700-ден астам кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Өнеркәсіп саласының үлесі жалпы өңірлік өнім көлемінің төрттен бірін құрайды.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Шымкент қаласының экономикасына 2,5 трлн теңгенің инвестициясы тартылса, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,3 млрд АҚШ долларына 17 жоба жүзеге асқан.

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Шымкент #елорда