$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.07.2021, 15:02
Жаңалықтар

Түркістан облысында карантин талаптары күшейеді

65 жастан асқан адамдардың аудан, қалаларда қозғалысына шектеу қойылады.

Түркістан облысында карантин талаптары күшейеді
фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында карантин талаптарын күшейту туралы қаулы шықты деп хабарлайды Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов өңірдегі карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулы қабылдады.

Жаңа құжатта коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша Түркістан облысы аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы жазылған.

«Бұқаралық іс-шараларды, отбасылық іс-шараларды көпшілік жиналатын орындар мен үй аумағында өткізуге тыйым салынсын. Қоғамдық орындарға және қызметіне рұқсат етілген нысандарға барғанда маска тағу, әлеуметтік арақашықтық сақтау және антисептик пайдалану талаптары қатаң сақталсын. Ойын-сауық нысандарының (түнгі ойын клубтары, караоке, букмекерлік кеңселер, жабық ғимараттағы балалар алаңдары, батут пен аттракциондар) қызметіне тыйым салынсын. «Ashyq» жобасына қатыспаған нысандар – мәдениет нысандары, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, облысаралық тұрақты емес тасымалдар (туристік), бильярд, компьютерлік клубтар, боулинг, цирк, банкет залдарының қызметіне тыйым салынсын» делінген құжатта.

Сонымен бірге, қалалық қоғамдық көлік жұмысына сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етілген. Онда міндетті түрде маска тағу, санитайзер орнату талап етілген.

Серіктес жаңалықтары