Сайлау:Ақмола облысында сайлаушылардың 59% дауыс берді

Дәурен Нұралинов Қазақстан Барысы атанды

Жеңімпазға 25 миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етілді

Фото: ашық дереккөзден

Дәурен Нұралинов «Қазақстан Барысы-2021» турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.  

Жеңімпазға 25 миллион теңге ақшалай сыйлық  және алтын белбеу табыс етілді.  

Финалдық кездесуде Нұралинов жартылай финалда турнирдің 2017 жылғы жеңімпазын жарыстан шығарған Ғалымжан Қырықбайды жеңді. Негізгі уақытты қарсыластар бір-бір бүк ұпаймен аяқтаған болатын. «Белдесу» сәтінде Дәурен Нұралинов жамбылдық балуанды «таза жеңіспен» ұтып кетті. 

Ал Дәурен Нұралинов жартылай финалда маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповты жыққан болатын. 

Қола жүлде үшін Еламан Ерғалиев пен Нұрдәулет Жарылғапов белдескен еді. Көрермен турнирдің 2017 жылы жеңімпазы Ерғалиевтің жеңетініне сенімді болған еді. Алайда оның қарсыласы Жарылғапов ұтымды тәсілмен жарысты уақытынан бұрын аяқтап, Ерғалиевті жүлдесіз қалдырды.