ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Түркістанда да Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатылды

Монумент «Ұлы дала ұлы» деп аталады

Түркістан қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш ашылды деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мүсіннің биіктігі – 4 метр, қоладан құйылған. Авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген реставраторы, Суретшілер одағының мүшесі Тілеуберді Бинашев.

«Ескерткіш Нұрсұлтан Назарбаевтың фотосуретіне қарап жасалды. Түркістан қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығына орнатылған, монументте «Ұлы даланың ұлы» деген жазу мен ескі Қаратаудың суреті бейнеленген», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Облыстық әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, Елбасыға ескерткіш қою бастамасын өңірдің ақсақалдары, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері қолдаған.

Сондай-ақ, әкімдік жергілікті тұрғындардың арасында сауалнама жүргізіп, халықтың қолдауын тапқанын да айтып отыр. Атап айтқанда, сұралған 1000 адамның 93% - қолдап, тек 4,5% қарсы болған екен. Қалған 2,5% жауап беруден бас тартқан.