$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.12.2019, 10:15
Жаңалықтар

Астанада Бозымбаевтың қоластында болған бұрынғы вице-министрлер сотталып жатыр

Экс-шенеуніктердің біреуі миллиард теңге, ал екіншісі 740 млн теңге мемлекет қаржысын қалтаға басқан деп айыпталуда 

Астанада Бозымбаевтың қоластында болған бұрынғы вице-министрлер сотталып жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Вице-министрлер Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібеков Бурабайдағы көлді тазалауға бөлінген ірі көлемдегі мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталуда. 

Сондай-ақ, Жақсалиев лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, 700 млн теңгеден астам ақшаны иемденді деген күдікке ілінді. Тергеу нәтижесі бойынша, орындалған жұмыстардың көлемі 30 есеге артық көрсетілгенін біле тұра, экс-шенеунік заңсыз актілерге қол қойған. Ал, оның әріптесі Ғани Сәдібеков өткен жылдың наурыз айында қолға түсті.

Айта кетейік, кеше ғана Қанат Бозымбаев Президент көмекшісі болып тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Бозымбаев министр қызметінен денсаулығына байланысты кетті - баспасөз хатшысы

Серіктес жаңалықтары