$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.12.2019, 09:13
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда шырша кесуге тыйым салынды

Шыршаларды сақтау үшін орманнан шығатын жолдарға арнайы бекеттер қойылды

Шығыс Қазақстанда шырша кесуге тыйым салынды
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында осы айдың басынан бастап қылқан жапырақты орманды қорғау шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап.

Өйткені келе жатқан жаңа жыл мерекесі қарсаңында жасыл желекті отаушылар қатарының артатыны жасырын емес. Шыршаларды табиғат қаскүнемдерінен сақтау үшін орманнан шығатын жолдарға арнайы бекеттер қойылды. Рұқсатсыз орман сұлуын отаған азаматтар әкімшілік жауакершілікке тартылмақ. Олар заңсыз әрекеттері үшін 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Бұнымен қатар келтірілген шығын көлемін де өтейді. Әзірге өңірде браконьерлік іс тіркелген жоқ. Ал мерекелік шаралар үшін белгілі бір шырша мөлшері қарастырылған.

 «18 желтоқсан күнгі жағдайға 880 шырша берілген, оның ішінде 344 шырша берілді, дайындалды, ол шыршалар мәдени іс-шараларды өткізу үшін мектептерге, балабақшаларға оқыту мекемелерге берілген», - деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты қолдануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Арман Есентаев.
 

Серіктес жаңалықтары