19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бейсенбі күні еліміздің басым бөлігіне жауын-шашын түседі, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жауын жауады
19 желтоқсан, бейсенбі күні еліміз аумағының басым бөлігіне жауын-шашын түседі, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жауын жауады, деп хабарлайдыAzattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың кей аумағында тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста қатты жел жылдамдығы 30 м/с болып, тіпті одан да қатты күшейе түсуі мүмкін.
Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел секундына 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін, оңтүстік-батыста жел жыламдығы 30 м/с болмақ.
Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, Ақмола, Қостанай облыстарына тұман түседі.
Алматы облысының кей аумағына тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей тұсын тұман жауып, көктайғақ болады.