ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

Токио Олимпиадасында бірінші орын алған спортшы мен бапкерге $250 мың сыйақы беріледі

Токио-2021 ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына 21 күн қалды

Фото: ашық дереккөзден

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ОКҚ алаңында өткен брифингте Токио Олимпиадасында үздік орынды иеленген спортшыларға берілетін сыйақы көлемін айтты.

«Үкіметтің жарлығымен 2020 жылы Олимпиадада жеңіске жеткен спортшыларға, олардың ұстаздарына, бапкерлеріне арналған әбір спорт түрі бойынша сыйақы беру туралы ережелер қабылданған болатын. Осы құжатқа сай, бірінші орынды иеленеген спортшы мен бапкеріне $250 мың беріледі, бапкерлердің төлемақысы жүз пайыздың 10% спортшыны тапқан алғашқы бапкеріне беріледі, 80% cпортшыны дайындаған бапкерге, қалған 10% cол спорт саласының бас бапкеріне беріледі. Екінші орын $150 мың, үшінші орын $75 мың болып азая береді. Спортшы жетістігінің нақты екені дәлелденген кезде, сыйақы толықтай төленеді»,- деді министр.

Пандемия жағдайына байланысты Олимпиадаға баратын ресми делегация саны қысқарған.

«Ресми делегацияның да, бапкерлердің де саны қысқарып жатыр. 16 шілде Эйр-Астана ұшағымен Токиоға құрама команданың бірінші рейсі шығады, екінші рейсі 27 шілде шығады. Трансляция бойынша, ұлттық Олимпиада комитетімен келісімшарт жүріп жатыр»,-деді Ақтоты Райымқұлова.

Айта кетейік, Токио-2021 ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына 21 күн қалды. Ұлттық құраманың спортшылары 27 спорт түрінен 96 лицензия жеңіп алды.