ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Еуропа чемпионаты вирустың ошағы іспеттес – ДДСҰ

Соңғы аптада Еуропада ковид инфекциясын жұқтырушылар саны 10% - ға өскен

Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы аптада Еуропада ковид инфекциясын жұқтырушылар саны 10%-ға өскендігін хабарлады. Оның бірден-бір себебі – Еуропада өтіп жатқан футбол чемпионаты болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Еуропаның ең ірі елдері - Германияда, Францияда, Италияда вирустың таралу көрсеткіші тұрақты, алайда, аймақтың шеткі жағында Ұлыбритания мен Ресейде сырқаттанушылар саны күрт көбейген. Сонымен қатар, жанкүйерлердің арасында COVID-19 жұқтырғандардың басым бөлігі Лондон мен Санкт-Петербордан келгендер екені анықталған.

Санкт-Петербордан оралған фин жанкүйерлерінің әрбір бесіншісі вирус жұқтырған болып шықты. Айта кетейік, Ресейде қазір коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша аталған қалада рекорд орнады. Сонымен қатар, Шотландияда тіркелген 1294 жағдай Лондонға Англия мен Шотландия матчына барған жанкүйерлерден анықталды.

Жалпы, ДДСҰ инфекциялардың көбеюін коронавирустың жаңа штамдарының таралуымен, көптеген санитарлық шектеулердің жойылуымен немесе сақталмауымен, сондай-ақ вакцинацияның жетіспеушілігімен байланыстырып отыр.