ШұғылКоронавирус және пневмония: өткен тәулікте 102 адам көз жұмды

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді

Өткен тәулікте 300-ден астам адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Фото: ашық дереккөзден

30 маусымда КВИ-дің 305 жағдайы тіркелді. Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болуға және вакцина алуға шақырады.

Алматыда 1 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 74 306 жағдайы тіркелді, оның 57 841-і симптомды және 16 465-і симптомсыз, анықталмаған пневмония — 1993.

30 маусымда коронавирус инфекциясының 305 жағдайы тіркелді, оның 282-сі симптомды, 23-і симптомсыз. Тәуліктік өсім 0,4%-ды құрайды. Репродуктивті саны — 1,287. 29 маусымдағы жағдай бойынша зерттелген сынамалардағы үнді штамының үлес салмағы — 78,3%.

Инфекциялық стационарларда 703 адам жатыр, оның 53-і балалар. Жалпы науқастардың ішіндегі 16 пациенттің жағдайы өте ауыр, 153-і ауыр, 534 — орташа ауырлық дәрежеде. Реанимация және интенсивті терапия бөлімдерінде 54 науқас жатыр. ӨЖЖ аппаратында жатқан науқастар — 11, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында — 23, High flow аппаратында — 18.

Бүгінде АМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтары үйдегі 1507 науқасты бақылауда, олардың 213-і симптомсыз, 1271-і жеңіл, 23-і орташа ауырлық дәрежеде. Пациенттердің жалпы санынан 205 пациент инфекциялық стационарлардан шығарылды, қазір олар оқшаулануда және бақылауда.

Бүгінде КВИ-дің 1295 белсенді ошағы бар. Олардың басым көпшілігі Әуезов ауданында, мұндағы 5255 ошақтың 252-сі белсенді. Алмалы ауданындағы 5887 ошақтың 238-і белсенді. Алатауда — 4047 ошақтың ішінен — 191-і белсенді, Бостандықта 5444 ошақтың — 153-і белсенді. Медеуде 4919 ошақтың — 144-і белсенді. Дерт тіркелген орындар — үйлер, пәтерлер, кеңселер және т.б. белсенді ошақтар болып саналады. Олар 14 күн бойы бақылауға алынады.

Соңғы 7 күнде 20 — 39 жас аралығында КВИ-ді 394 адам (37,6%) жұқтырған, 40-59 жас аралығындағыларда 243 жағдай (23,2%), 60 жас және одан жоғарыдағыларда 211 жағдай (20,1%). 14 жасқа дейін — 131 жағдай (14,6%), 15-19 жаста — 46 (4,4%) және 1 жасқа дейін — 22 жағдай (2,1%). Осылайша, дәрігерлер мен санитарлық дәрігерлер қоғамның ең белсенді санатының инфекцияны тез жұқтыратынын айтты.

Соңғы аптадағы мәліметтер бойынша, инфекция қоғамдық орындарда (54,2%), яғни кафелер, мейрамханалар, түнгі клубтар және басқа да жаппай жиналу орындарында тез таралуда. КВИ дертіне шалдыққа жандармен байланыста болғандар да бар, инфекцияның 24,4%-ы отбасында жұққан.

Сондықтан Алматыдағы КВИ-дің таралуының алдын алу жөніндегі қалалық штаб эпидемиологиялық жағдайдың ушыққанын ескере отырып, алматылықтар мен қала қонақтарын мерекелік демалыс күндері қарсаңында қоғамдық орындарға барудан бас тартуға шақырады. Сонымен қатар, санитарлық қауіпсіздік шараларын, оның ішінде бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Жалпы, инфекциядан қорғаудың жалғыз сенімді әрі тиімді жолы — вакцина салдыру.

Бүгінде Алматыда 461 545 адамға вакцина егілді. Өткен тәулікте 10 340 адам екпе салдырды. Вакцина алғандар арасында 60 жастан асқандар саны — 78 257 адам.

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени-спорттық мекемелерде, базарларда және СОСО- да 208 екпе пункті бар. 1256 адамнан тұратын 307 бригада вакцина салуға жұмылдырылған.

Алматыда 28 ПТР зертханасы бар, олардың жалпы қуаттылығы тәулігіне 15 770 сынама жасау. Болашақта олардың қуаттылығы тәулігіне 27 242 сынамаға артатын болады. Бұдан өзге, тәулігіне 3248 сынама жасайтын ИФС зертханасы бар.