ШұғылКоронавирусты жұқтыру қарқынында өсім байқалды

Алматыда ПТР тестілері жоқ 32 шетелдік депортацияланды

КВИ таралуының алдын алу мақсатында мегаполистің Халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда ПТР тестілері жоқ 32 шетелдік депортацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында мегаполистің Халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.

«Алматыда КВИ-дің таралуын болдырмау жөніндегі штабтың дерегі бойынша, 2020 жылдың 6 қазанынан 2021 жылдың 30 маусымына дейін қаланың Халықаралық әуежайына бортында 424 799 жолаушы бар 2935 рейс келген. Оның ішінде COVID-19 теріс нәтижесі бар сертификаттармен - 395 431, вакциналану паспорттарымен - 3836, сертификаттарсыз 25 532 адам болды», - делінген хабарламада.

25500 адам карантиндік стационарға ПТР анализі үшін жатқызылды. Түркиядан (37), БАӘ-ден (35), Египеттен (33), Беларусьтен (5), Украинадан (7), Мальдивтерден (4), Оңтүстік Кореядан (2), Малиден (1), Ресейден (1). Теріс ПТР сынағы сертификаттарының болмауы салдарынан 32 шетелдік азамат Алматы әуежайынан елдеріне қайтарылды.