ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирусты 7 мыңға жуық адамның жұқтырғаны анықталды

Алматыда екпе пунктерінің жұмыс сапасын бақылайтын арнайы жұмыс топтары құрылды

Өткен тәулікте мегаполисте барлығы 12 275 адамға вакцина салынды

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда екпе пунктерінің жұмыс сапасын және вакциналау технологиясының сақталуын бақылайтын арнайы жұмыс топтары құрылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қаланың барлық аудандарындағы 208 егу пунктерінде вакциналауға арналған санитарлық ережелер талаптарының сақталуын тексеру үшін жұмыс топтары құрылды.

«Тұрғындар тарапынан қызығушылық өте жоғары, күн сайын бізге вакцина алу үшін 200-ден 250-ге дейін адам келеді, қазіргі кезде біз 4000-ға жуық адамға вакцина салдық.  Вакциналар мұздатқыш камераларда сақталады, мысалы, Спутник V вакцинасының дозалары -18 ден -24 дейінгі температурада, қазақстандық вакцина +2 +8 градус Цельсийде сақталады», — дейді №18 қалалық емхананың терапевті Сымбат Бердібек.

Айта кетсек, өткен тәулікте Алматыда барлығы 12 275 адамға вакцина салынды. Барлық кезеңде 450 мыңға жуық алматылық вакцинадан өтті.

Жұмыс тобы сонымен бірге қала асханаларының бірі Qaganat-қа барды, тексеру кезінде санитарлық нормалар бұзылды – келушілер маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтамады.   

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жұмыс сапарының қорытындысы бойынша онлайн форматта қаланың медициналық ұйымдарының басшыларымен, сондай-ақ аудан әкімдіктерінің басшылығымен тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасы мен жұмысына байланысты кеңес өткізді. Аудан әкімдіктеріне медициналық ұйымдармен бірге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды. Мысалы, сауда-ойын-сауық орталығы мен СҮ-ға баратын азаматтар ғимаратқа кірген сәттен бастап COVID-19-қа қарсы вакцинация мүмкіндігі туралы хабардар болуы және вакцина алудың маңыздылығы туралы тиісті ақпаратты көруі керек. 

Мегаполистегі эпидемиологиялық ахуал барынша тез тарағыш мутацияланған «дельта» штамының салдарынан ушығуда. Соңғы аптада коронавируспен аурушаңдық 1,7 есеге өсті. Мәселен, өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 253 жағдайы анықталды. Соңғы аптада белгілері бар КВИ бар науқастардың үлесі 32%-дан 53%-ға дейін өсті. Бұл мәліметтер дельта штаммының COVID-19 патогендігінің жоғары екендігін көрсетеді. Эпидемиологтардың айтуы бойынша, дельта штамы өте жұқпалы және анықталған штамдарға қарағанда 60%-ға көп жұқтырады. Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, коронавирустың «үнді» штаммы ауруханаға жатқызу және өлім ықтималдылығымен байланысты.