ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

URKER-2021: NS радиосының бағдарламасы үздік деп танылды

«Новое утро» бағдарламасы «Радиостанциядағы үздік жоба» аталымында үздік деп танылды

 

Астанада биыл бесінші рет ұйымдастырылып URKER – 2021 ұлттық бәйгесінде Nur Media холдингіне қарасты NS радиосы да үздіктер қатарынан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жеңімпаздарды анықтайтын ұлттық байқауда NS радиосының «Новое утро» бағдарламасы «Радиостанциядағы үздік жоба» аталымында үздік деп танылды.      

Жалпы, биылғы республикалық байқауға барлығы 340 өтініш келіп түскен.  

Айта кетейік, Қазақстандық «URKER» Ұлттық сыйлығы, баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканың дамуына қосқан үлестерін тану мақсатында 2017 жылы құрылған.