$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.06.2021, 12:37
Жаңалықтар

ІІМ: Еліміздегі мектептердің 6 пайызы ғана күзет ұйымдарымен қамтылған

Мектептердің 30 пайызында дабыл жүйесі жоқ 

ІІМ: Еліміздегі мектептердің 6 пайызы ғана күзет ұйымдарымен қамтылған
Фото: ашық дереккөзден

Білім, денсаулық сақтау мекемелері және мәдениет ошақтарының қауіпсіздігі биліктің жіті бақылауында болуы керек. Яғни аталған нысандар қауіпсіздік жағынан жабдықталуы заманға сай үнемі жаңартылып тұруы қажет. Сенат депутаты Дана Нұржігіт Парламенттің бірлескен отырысында Ішкі істер министріне аталған мәселеге қатысты сауалын жолдады.

«Татарстанның Қазан қаласында болған қайғылы жағдай жалпы мектептердің қорғансыз екенін көрсетті. Бір ғана күзетшінің мұздай қаруланған қара ниетті адамның алдында қауқарсыз екенін айқын дәлелдеп берді. 9 адамның өмірін қиып, Қазанды қара жамылдыру үшін, Гилявиевке аз ғана уақыт керек болды. Бізде «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» бар. Осы бағдарламаға сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілердің 70 пайызын тексеру жоспарланған. Біз сол жұмыстың атқарылғандығы жөнінде  Үкіметтің есебін қарап шықтық. Осы мәселеде ІІМ  жүргізіп жатқан нақты жұмыстың, нақты тізімін берсеңіз?», - деді Сенат депутаты Ішкі істер министріне жолдаған сауалында.

Ерлан Тұрғымбаев қауіпсіздік шарасы бойынша білім мекемелеріне жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесін баяндап, анықталған кемшіліктерді тізіп шықты. Сондай-ақ, балаларға қатысты жасалған қылмыс жазаларының күшейтілгенін атап өтті.

«Балаларға қатысты зорлау және сексуалды қылмыстар үшін жауапкершілік пен жаза күшейтілді. Жаза мерзімі ұзартылды. Енді бұл бап бойынша татуласу мүмкін емес және мерзімінен бұрын босатылмайды. Екінші профилактикалық мәселе бойынша, қазір кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспекторлардың саны 448-ге дейін көбейтілді. Енді әр қалада, әр аумақта, әр аудандарда бізде осындай инспекторлар болады. Татарстандағы қайғылы жағдайға байланысты білім органдарымен бірге 7 жарым мың мектепті тексердік. Олардың 100 пайызында бейнебақылау камералары бар. Бірақ оның ішінде 45 пайызы ғана техникалық талаптарға сай келеді. Тағы да кемшіліктер бар: 30 пайыз мектептерде дабыл жүйесі жоқ, Ал турникеттер мен темір іздегіш апппараттар 5 пайызында ғана бар, сондай-ақ, 6 пайызы ғана күзет ұйымдарымен ұамтылған. Жыл соңына дейін бұл кемшіліктерді жою мақсатында бірлескен жұмыстар атқарылмақ», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары