1,7 млн қазақстандық коронавирусқа қарсы егілді
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңгеден астам сомаға екі айлық препараттар қоры алынды

Еліміздегі вакцинация қарқыны жайлы Премьер-министр Асқар Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкімет басшысының айтуынша, ПТР-тестілеудің қуаты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8 есеге артты, тәулігіне 123 мың тестке дейін алынып жатыр.
«Бүгінгі таңда бірінші компонентпен шамамен 2,8 млн адам, екінші компонентпен - 1,7 млн адам вакцинацияланды», - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Сондай-ақ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде іркілістерге жол бермеу мақсатында 38 позиция бойынша 6 млрд теңгеден астам сомаға екі айлық препараттар қоры қалыптастырылғаны атап өтілді.
Еске салайық, бүгін, 21 маусымда Парламент Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарап жатыр.