ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

Маңғыстаудағы ыстық: жаңаөзендіктер күннің қызуына жұмыртқа қуырып жүр

Синоптиктер Маңғыстаудағы аптап ыстықтың әлі де жалғасатынын айтады

Маусым айында еліміздің батыс аумағы, әсіресе Маңғыстау облысы аптап ыстығымен ерекшелініп тұр. 40 градусқа жететін ыстықта Жаңаөзен тұрғындары күннің қызуымен-ақ жұмыртқа қуыра беруге болатынын көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Жаңаөзендіктер табаны күн астында қызып тұрған тасқа қойып, жұмыртқа қуыру барысын видеоға түсіріп алған.  

Айта кетсек, мұндай бейнероликтер бұған дейінгі жылдары да әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. 2017 жылы Атырау мен Шымкент қалаларында да ауа температурасы 40 градусқа жеткен кезде тұрғындар осындай әдіспен жұмыртқа қуырып, желіге жүктеген еді. Кей желі қолданушылар бейнероликтердің жалған екенін, жұмыртқа ойдағыдай қуырылу үшін табаның кәдімгі пеште қыздырылатынын айтып, сенбеушілік танытады.

Ал синоптиктер Маңғыстауда шыжыған ыстықтың әлі де жалғасатынын, сонымен қатар, шаңды дауыл соғып, дала өртінің жиілейтінін болжап отыр.