Ақтөбеде дәрігерлерге арналған ескерткіш орнатылды
«Аялы алақан» деп аталған мүсінді жергілікті сәулетші жасаған
Ақтөбеде дәрігерлерге арнап ескерткіш тұрғызылды, деп хабарлайды 24.kz.
«Аялы алақан» деп аталған мүсінді жергілікті сәулетші жасаған.
Қаражатты демеушілер бөліпті. Биіктігі 2 метр 70 см болатын ескерткіш облыстық медицина орталығының ауласына орнатылды. Себебі былтыр науқастардың дені осы жерде ем алған.
Қатерлі дерт тараған кезден бастап ақтөбелік бес мыңға жуық дәрігер қауіпті аймақта еңбек еткен. Кесел жұқтырып, қаза болғандары да бар.
«Аялы алақанымен бізді аялап, жүрегінде ұстап тұрғандай нысан етіп істедік. Республикаға осындай бір үрдіс болсын деп және де тәуелсіздікке тарту деп осындай жасап жатқан іс-шарамыз. Ақ халатты абзал жандардың абыройын асқақтатып, еңбектерін елеп, әрқашан да құрметтеп жүрсе дейміз», - деді мүсінші Қайырбек Таханов.