ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирусты 7 мыңға жуық адамның жұқтырғаны анықталды

Атырау облысының әкімі отставкаға кетуге дайын екенін тағы да айтты

Былтыр облыс әкімінің бірінші орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

фото: azh.kz

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ОКҚ-да өткен брифингте ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың кінәсі дәлелдеген жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді. 

«Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, кез келген саяси қызметшіге тікелей бағынышты қызметкер сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталып, сотта оның кінәсі дәлелденсе, оның басшысы отставкаға кетуі керек. Бұл заңға мен де бағынамы. Сондықтан тиісті сот шешімі шықса, бәрін заң бойынша жасаймын», - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі бірінші орынбасарына қатысты БАҚ өкілдерінің сұрағына бұған дейін де жауап беріп, Нұрлан Таубаевтың кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін айтқан

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 10 қыркүйегінде ұсталған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровқа 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

4 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен Құрылыс басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағанын хабарлады.