18.06.2021, 14:23
Жаңалықтар
Пандемия басталғалы әлемде 4 млн адам коронавирустан көз жұмды
Марқұмдардың басым бөлігі Бразилия мен Үндістан тұрғындары
Фото: ашық дереккөзден
Әлемде коронавирус індетінен көз жұмғандар саны 4 млн-ға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.
2 млн науқас пандемияның алғашқы жылында қайтыс болса, қалған 2 млн адам 166 күннің ішінде жан тапсырды. Марқұмдардың басым бөлігі Бразилия, Үндістан, Ресей мен Мексика тұрғындары.
Ал індет жұқтырғандардың қатары АҚШ пен Ұлыбританияда керісінше азайып келеді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)