Атырауда кәсіпкерлерге қысым көрсетілген
Кәсіпкерлер облыстық прокуратураға шағым түсірді
Атырау облысында тексерушілерден әбден мезі болған 37 кәсіпкер облыстық прокуратураға шағым түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy "Хабар24"-ке сілтеме жасап.
Бұл жағдай, әсіресе, пандемия кезінде жабылып қалған сауда орындарында жиі кездескен. Прокурорлардың араласуымен ШОБ-қа қатысты 445 заңсыз тексерудің күші жойылды. 27 тұлға жауапкершілікке тартылды. 17 мыңнан астам жеке кәсіпкерлік субьектісінің 16 мыңы өңірдегі санитарлық ахуалдың жеңілдеуіне қарамастан, уақытында өз жұмысын бастай алмаған.
"Яғни екі мың шаршы метрге дейінгі ғимараттары бар кәсіпкерлер қызметтерін қайта бастау үшін хабарлама берудің өзі жеткілікті болатын. Ал санитарлық дәрігерлер тексеру жүргізбей ашуға рұқсат бермеген. Сонымен қатар мораторийге қайшы шығарылған қалалық маслихат комиссиясы төрағасының қаулысына да наразылық енгізіліп, заңдастырылды. Нәтижесінде сауда орталығындағы шағын кәсіпкерлердің қызметін тексеру жөнінде заңсыз тапсырманың күші жойылды", - деді Облыс прокурорының орынбасары Бауыржан Жұмақанов.