17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
17 желтоқсан, сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
17 желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде Қарағанды облысы арқылы өтетін антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасай отырып.
Республиканың тек батыс, солтүстік-батысының кей аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын болуы мүмкін. Ал кей өңірде тұман, көктайғақ сақталады, солтүстік-батыста екпінді жел болжанады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумағында тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей тұсы тұманды болады.