Жомарт басшы қызметкерлеріне 50 мың доллардан сыйақы табыстады
Мекемеде басқаларға қарағанда көбірек жұмыс істеген қызметкерлер жоғары сыйақыға қол жеткізіпті
АҚШ-тың Балтимор қаласында құрылыс компаниясының басшысы Эдвард Сент-Джон өзінің қызметкерлеріне арнап естен кетпес кеш ұйымдастырыпты. Өзінің ел алдына шығып сөйлеген құттықтау сөзінде ұйым басшысы қызметкерлерге сыйақы ретінде 10 миллион доллар көлемінде тағайындағанын айтқан.
Мекемеде басқалармен салыстырғанда көбірек жұмыс істеген қызметкерлер жоғары сыйақыға қол жеткізіпті. Орташа есеппен, олардың әрбірі 50 мың долларға ие болыпты.
Сыйақы олардың айлық жалақысымен бірге жылдың соңында берілген екен.
Күтпеген жерден қомақты сомаға ие болып шыға келген қызметкерлердің бірі қуаныштан жылап, тіпті айқайлап жіберіпті.
Сент-Джонстың айтуынша, ол осы ісі арқылы ұйымның жеткен жетістіктері үшін қоластындағы қызметкерлеріне алғысын білдіргісі келген екен.
Дереккөз: Stan.kz