17.12.2019, 11:24
Жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында бірқатар жол жабылды
Көктайғаққа байланысты облыстық маңызы бар Чапаев –Жаңақала – Бисен жолы жабылды
Батыс Қазақстан облысындағы кей жолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көктайғаққа байланысты бүгін түнгі сағат 01.30-дан бастап облыстық маңызы бар Чапаев –Жаңақала – Бисен жолы барлық көлік түрлері үшін жабылды.
Айта кетсек, кеше кешке республикалық маңызы бар Орал – Атырау, Орал – Тасқала, Самара –Шымкент бағытындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылған болатын. Бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап ол жолдар ашылды.
Көп оқылған
24.11.2026, 14:08
«Жалғыз перзентімен бірге кетті»: Ақтөбе облысында атақты дәрігер мен баласы бір күнде ажал құшқан
24.11.2026, 10:54
«Бұл – арзан»: қазақстандықтар интернеттің тарифі үшін айына орта есеппен 10 доллар төлейтіні белгілі болды
