ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Павлодарда Усолка өзені неге жасыл түске боялды?

Әлеуметтік желілерде түсі өзгерген өзен суының видеосы тарады

Әлеуметтік желідегі парақшаларда желі қолданушылары Усолка өзенінің түсі өзгергені туралы шағым жариялаған, деп  хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Усолканы түсініксіз және сасық шырыш басты! Бұл балдырлар емес! Не болып жатыр? Неге барлығы үнсіз отыр? Біз Ертіске дейін жеттік және бірде-бір таза су бар орын болмады! Бұл қорқынышты. Камерада дұрыс көрінбейді, бірақ ашық көк, жасыл және ашық қызыл түс ... енді Усолкада шомылу немесе балық аулау мүмкін емес», - деп жазады желі қолданушыларының бірі.

Бұл жағдайға қатысты Павлодар облысы бойынша экология департаментінде пікір білдірді.

«Осы жылдың 7 маусымында Ертіс өзеніндегі судың беті мен Ертіс өзенінің тармағы Усолка өзенінен сынамалар алынған. Усолка шағын ауданындағы көпір маңындағы су жасыл балдырлармен ластанғаны анықталды, салдарынан  судың жоғарғы қабатындағы түсі ашық жасыл түске боялған. Зертханалық-сараптамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы Усолка және Ертіс өзендері суының  жоғары қабатына 25 көрсеткіш бойынша зерттеулер жүргізді. Сынақ нәтижелері бойынша Усолка өзенінде ОБШ (оттегінің биологиялық шығыны) бойынша нормативтен асып кету тіркелді (0,38 мгО/дм3). Бұл су қоймасының аз көлемде ағуына байланысты көк-жасыл балдырлардың оттегін тұтынуды көбейткенін көрсетеді. Ертіс өзенінде ШЖК асып кеткені анықталған жоқ», - дейді департаменттегілер.