11.06.2021, 09:28
Жаңалықтар
Коронавирус инфекциясынан бір тәулікте 12 адам қайтыс болды
Қазіргі таңда бұл індетпен күресіп жатқан 521 науқастың жағдайы ауыр
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір тәулікте 12 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
11 маусымдағы жағдай бойынша, елімізде коронавирус инфекциясынан 21 951 адам (20 890 КВИ+ және 1 061 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 368 пациент – стационарда, 14 583 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:
- 521 адамның жағдайы ауыр,
- 111 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 79 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің 9 маусымдағы ақпаратына сәйкес, Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 12 адам қайтыс болды.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды