ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Қазақстанда 8 компанияның қызметі тоқтатылған

Министр Bek Air компаниясына тиесілі ұшақ апатына қатысты тергеу неге ұзаққа созылғанын түсіндірді

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халық алдындағы есептік кездесуінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 8 компанияның қызметін тоқтатқанын айтты.

Инспекциялық тексеру қорытындысы бойынша Bek Air, Sigma Airlines, Jet Airlines, JENIS AIR, Phoenix, Qazaq Helicopters, AZEE AIR, MS air KZ сияқты 8 авиакомпанияның қызметі тоқтатылған.

Министрдің айтуынша, қазір Қазақстанда 55 әуе компаниясы жұмыс істейді. Оның ішінде Air Astana, Fly Arystan, Скат, Qazaq Air, «Южное небо», «Жетісу Авиа», «Жезқазған Эйр» сияқты 7 компания тұрақты тасымалдар орындайды.

Бейбіт Атамқұлов есептік кездесуінде 2019 жылдың желтоқсанында Алматы қаласы маңында болған ұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстарының не үшін ұзаққа созылғанын түсіндірді.  

«Жақын арада Алматы түбінде құлаған Bek Air компаниясына тиесілі ұшақ апатына қатысты тергеу қорытындысын аламыз. Өкінішке қарай, бұл қайғылы оқиға авиакомпанияда қауіпсіздік стандарттарын сақтауда елеулі заңбұзушылықтар барын көрсетті.

Пандемия шектеулеріне байланысты тергеу ұзаққа созылды. Халықаралық сарапшылар Қазақстанға жұмысқа уақытында келе алмады», - деді министр.