Еуроодаққа мүше 7 ел вакциналау құжатын бере бастады
Құжат пандемия кезінде одақ ішінде еркін қатынауды қайта жандандыруы тиіс
1 маусымда Болгария, Чехия, Дания, Германия, Грекия, Хорватия және Польша сертификаттарды тексеретін жалпы еуропалық шлюзге қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Құжат пандемия кезінде одақ ішінде еркін қатынауды қайта жандандыруы тиіс. Сертификатта иесінің вакцина салдырғаны немесе ПТР-тест нәтижесі және аурудан жазылғаны туралы мәлімет тіркеледі. ПТР тесттердің жарамдылық мерзімі 72, ал антиденелерге жасалған тесттің мерзімі 48 сағатты құрайды. Сертификаттарды 1 шілдеден енгізу көзделіп отыр.
«Вакциналаудан өткен ата-анасымен саяхаттап жүрген балаларды карантинге жібермеуді ұсындық. Сондай-ақ Еуроодақ елдеріне 6 жасқа толмаған балаларды тесттен өткізудің қажеті жоқ деп отырмыз», - дейді Әділет жүйесі бойынша еурокомиссар Дидье Рейндерс.