02.06.2021, 08:48
Жаңалықтар
Коронавирус пен КВИ пневмониясынан тағы 21 адам көз жұмды
139 науқастың жағдайы өте ауыр
Фото: ашық дереккөзден
31 мамырдағы деректер бойынша, Қазақстанда коронавирус пен КВИ пневмониясынан 21 адам көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өлім жағдайы Алматы (4), Нұр-Сұлтан (1), Шымкент қалаларында (4), Ақмола облысы (1), Ақтөбе облысы (1), ШҚО (1), Жамбыл облысы (1), БҚО (1), Қарағанды облысы (3) Қызылорда облысы (2) және Павлодар облысында (2) тіркелді.
2 маусымдағы мәлімет бойынша, 26 137 адам коронавирус инфекциясынан (25 556 КВИ+ және 581 КВИ-) емделуде: 9 702 пациент стационарда, 16 435 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 609 адамның жағдайы ауыр,
- 139 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 84 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды