$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.05.2021, 18:40
Жаңалықтар

Жасотандықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойды

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Жасотандықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойды

1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.

Ашаршылық жылдарында елімізде 1,5 миллионға жуық адам қайтыс болды. Қазақ халқы ашаршылыққа дейінгі санына, араға жарты ғасырға жуық уақыт салып әзер жеткені - бұл зұлматтың қаншалықты қасыретті болғанын көрсетуде.

Тоталитаризмнің зұлым саясаты мен зұлмат әрекеті миллиондаған адамдарды саяси қуғын-сүргінге ұшыратты. Қазақтың қаншама қабырғалы тұлғалары сол солақай саясаттың құрбандарына айналды.

Айтулы еске алу күні жасотандықтар еліміздің барлық өңірлерінде жазықсыз жазаланған арыстардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Солақай саясаттың құрбандары болған марқұмдардың рухына тағзым етіп, олардың есімін ұлықтады. «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев «Елім деп от кешкен бабаларымыздың мол мұрасын насихаттау - әрбір қазақстандықтың басты міндеті» деп санайды.

«Талай арыстарымыз ату жазасына кесіліп, ит жеккенге айдалды. Талай бейбіт отбасылардың оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды. Ашаршылық нәубетін көрген, одан қалды саяси қуғынға ұшырағын тұлғаларымыз артынан мол мұра қалдырып кетті. Мұны жастарға дәріптеу мақсатында бірқатар шараларды өткізу жоспарда бар. Мұндай шаралар тек елордада ғана емес, барлық өңірлерде өтетін болады», - деді Нұржан Жетпісбаев.

Серіктес жаңалықтары