01.06.2021, 11:33
Жаңалықтар
Маңғыстауда лауазымды тұлға 5 жылға сотталды
Үш азаматқа 7,8 млн теңге айыппұл салынды
көрнекі фото
Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіндегілер «Әуежай Ақтау» кеден бекетінің бас маманына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Лауазымды тұлға қызметтік бабын пайдаланып, Түркиядан Қазақстан аумағына 80 жиынтық алтын бұйымдарын заңсыз тасымалдауға көмектескен.
Үш қазақстандық кеден бекетінің қызметкері арқылы құнды «тауарларды» кедендік бақылаудан өткізді. Соңғысы астыртын әрекеттері үшін 300 мың теңгені иеленді.
Зергерлік бұйымдардың кедендік құны 31 млн астам теңгені, оның ішінде кедендік төлемдер – 7 млн астам теңгені құрады.
Ақтау қалалық соты үкімімен лауазымды тұлға 5 жылға сотталды, ҚР үш азаматына 7,8 млн теңге айыппұл салынды.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
