ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны азайып келеді

Хоккей: Қазақстан құрамасының «тағдыры» кімнің қолында

Бүгін Канада/Финляндия, Германия/Латвия құрамалары арасында маңызды кездесулер бар

фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Ригада өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатының В тобындағы шешуші матчында Норвегия құрамасынан 1:3 есебімен ұтылды. Дегенмен, Қазақстан құрамасының тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтуіне мүмкіндік бар.

Юрий Михайлис жаттықтыратын команда топтық кезеңдегі соңғы матчын жеңгенде, плей-офф кезеңіне сөзсіз шығатын еді.

Топтық кезеңді жеті ұпаймен аяқтаған Қазақстан құрамасында плей-офф кезеңге өтуге бір мүмкіндік қалды. Бұл енді бүгін өтетін өзге командалар ойнына байланысты болады.

Германия, Латвия, Канада құрамалары топтық кезеңдегі көрсеткіші бойынша Қазақстаннан 1 ұпайға қалып тұр және олардың бір матч өткізетін мүмкіндігі бар.

Егер, Канада құрамасы соңғы кездесуінде жеңіске жететін болса, «үйеңкі жапырақтар» топта 11 немесе 12 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне жолдама алады. Германия – Латвия кездесуінде де жеңімпаз 11 немесе 12 ұпай жинап, Қазақстанның алдын орайды.

Ал, бүгін Канада құрамасы соңғы әлем чемпиондары Финляндиядан матчтың негізгі уақытда ұтылса, онда Қазақстан құрамасына тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтуіне зор мүмкіндік бар.