ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Түркістан облысын дамытуға 3,6 триллион теңге бөлінеді

2025 жылға қарай облыста туристер саны 2,5 млн адамға дейін артады деп жоспарланып отыр

Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспарын таныстырып, бұл мақсатта 3,6 триллион теңге бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, халықтың 100%-ы сумен, 85,4%-ы газбен қамтамасыз етіледі; электр желілерінің тозуы 49,6%-дан 46,4%-ға дейін төмендейді.

«Кешенді жоспар инвестициялық жобаларды іске асыруды, көлік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы, туризмді дамытуды, сондай-ақ қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді көздейтін 142 іс-шарадан тұрады», - деді Әсет Ерғалиев.

Министрдің айтуынша, жоспарды іске асыруға жалпы 3,6 триллион теңге қажет. Оның ішінде республикалық бюджеттен 530,6 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 348,5 миллиард теңге, жеке инвестициялардан 2,7 триллион теңге бөлінеді.