ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Қазақстанда 2 миллионнан астам адам вакцина салдырды

Оның ішінде екпенің екі компонентін қабылдағандар саны 1 млн-нан асады

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу науқанына қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бүгінгі таңда вакцинаның шамамен 3,2 млн дозасы пайдаланылды. Оның ішінде бірінші компонентпен 2 131 519 адам егілді. Бұл тиісті халықтың 21% - ын құрайды. Екінші компонентпен 1 074 954 адам қамтылды», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Үкімет отырысында.

Министр атап өткендей, егу пунктерінде вакцина дозаларының саны жеткілікті - шамамен 330 мың бірінші компонент және 811 мың екінші компонент бар.

Бұдан басқа, маусым айында қосымша 2 млн дозаға жуық қос вакцина жеткізіледі деп күтілуде.

Бүгін, 1 маусымда арнайы бортпен Алматыға 500 мың доза көлемінде «CoronaVac» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Препаратты Қытай биофармацевтикалық компаниясы шығарған.